- Негізгі бет
- Әдебиет
- Ернағыз Жанатқан: "Жаңа...
Ернағыз Жанатқан: "Жаңа Қазақстан қаламгерінің бүгінгі құбылмалы қоғамға бейімделе алуы маңызды"
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үндеуінде елді дамудың жаңа кезеңіне шығаратын реформаларды жария етті. Президент отандастарымызды жаңа Қазақстанды бірге құруға шақырды. Ол отан алдында тұрған басты міндеттің бірі – салауатты, саналы, білімді, ақыл-парасаты мол және ғылыми-мәдени өрісі кең ұрпақ тәрбиелеу екендігін айтты. Осы орайда Массагет порталы "Жаңа Қазақстанның қаламгері қандай болуы керек?" атты сауалды еліміздегі бірқатар ақын-жазушыларға жолдаған болатын. Бүгін жас ақын, өлеңдерімен оқырмандардың ықыласына бөленген Ернағыз Жанатқанның жауабын ұсынамыз.
Қаламгер – мейлі ақын болсын, мейлі жазушы болсын ол қоғамының немесе дәуірінің жырлаушысы бола алғаны абзал. Бұл қай кезеңде болсын маңызды принцип деп ойлаймын. Қаламгер қоғаммен халықпен тығыз байланыс жасай отырып шығармалары (туындылары) арқылы ұлттың сөзін айту мүддесінен шығып отыратын сияқты және солай болу керекті.
Жаңа Қазақстанның қаламгері бүгінгі құбылмалы қоғамда немесе әртүрлі цитуацияларға бейімделе алуы маңызды рөл ойнайды. Кешегі Сүлейменов (Асқар) Мағауиндер сияқты жұмыс істей алғаны, солардай ой қозғай алғаны нұр үстіне нұр. Десе де бүгіннің ахуалын бақылап һәм соны жазып жүрген қаламгерлер де жоқ емес. Мысалы: Ж.Қорғанбек, Қ.Жиенбаевтар бергісін С.Досжан, Ы.Дәбей, Д.Амантай, Ә.Тарази, Р.Мұқанова, Т.Сәукетаевтар одан кейінгі жас буындардың арасында тағысын тағы жаңа Қазақстанда өмір сүріп келе жатқан қаламгердерді шығармасында дәл бүгінгі біз сүріп отырған қоғамның жай-күйі мөлдіреп тұр, егер оқимын деген талғампаз оқырман болса дейсің шіркін!
Ал, сайып келгенде менің пікірімше әдебиеттің басты міндеттерінің бірі ол адамзат баласын кемелділікке ұмтылдыру және ізгілікке бастау. Осы тұста әйгілі жазушы А.Камьюдің сөзі еріксіз еске түседі: “Өнер екі нәрсе үшін қызымет етуі керек, бірі – әділет үшін күрес, екіншісі – шындықты айту”. Қаламгер сол шындықты қарабайыр түрде емес көркемдік формада жеткізе алуы керек шығар.
Жаңа Қазақстанның қаламгері болады екен онда әдебиетімізге келіп жатқан түрлі әдеби (жазу) стильдеріне оң көзбен қарай алуы және соны қабылдай ала алуы да маңызды дегім келеді. Оның ішіне жаңағы кең етек жайып келе жатқан постмодернизм ұғымын жатқызамыз, сонымен қатар о дүние туралы ойлар немесе есіктің ар жағындағы беймәлім абсурдтық ойлар, проблемалар, метафизикалық сұрақтар қаламгерді осы қоғамға бейімдей түсетіндей көрінеді бұл дегеніміз жаңа Қазақстанның қаламгерінің бет бейнесінің бір жағы немесе портретінің үлгісі.
Айта кетейік, Ернағыз Жанатқан – 2001 жылы 29 қарашада Шығыс Түркістан облысында дүниеге келген, 2008-2019ж Алматы облысы Жамбыл ауданы Дегерес ауылында Оспанхан Әубәкіров атындағы орта мектепте білім алды, қазіргі таңда Ыбырай Алтынсарин атындағы мемлекеттік педагогика институты филология факультетінің 3-курс студенті.
Т. Раушанұлы