Әдебиет пен өнер саласындағы Абай атындағы мемлекеттік сыйлығының иегерлері анықталды.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қаулысы бойынша мемлекеттік сыйлық мына ақын-жазушыларға берілді:
Абдрахманов Сауытбек Абдрахманұлына, мәдениеттанушы – "Абыз Әбіш" зерттеуі үшін;
Ақсұңқар Серікке, ақын – "Көкейімде Күлтегіннің жазуы" өлеңдер жинағы үшін;
Есім Ғарифоллаға, жазушы – "Ғұлама-наме" трилогиясы үшін;
Жолдасбеков Мырзатайға, әдебиеттанушы – "Ұлы Дала әдебиеті" тарихи-әдеби зерттеулер жинағы үшін;
Қанапиянов Бақытжан Мұсаханұлына, ақын – "Достояние души" өлеңдер жинағы үшін;
Мұқанова Роза Қажығалымқызына, драматург – "Сарра" драматургиялық шығармалар жинағы үшін;
Нұрмағанбетов Тынымбай Нұрмағанбетұлына, жазушы – "Періштелердің өлімі" прозалық шығармалар жинағы үшін.
Айта кетейік, Мемлекет басшысы бұдан былай әдебиет және өнер саласындағы үздік шығармаларға берілетін мемлекеттік сыйлық енді Абай атындағы мемлекеттік сыйлық деп аталатынын мәлім еткен еді.