Биылғы Абай оқулары онлайн өтті

Шығыс Қазақстан облысында Ұлы Абайдың 175 жылдығына орай 2020 жылдың 23-25 тамызында Шығыс Қазақстан облысының жалпы білім беретін оқу орындарының оқушылары арасында XXI Республикалық Абай оқуларының республикалық кезеңі өтті, деп хабарлайды ШҚО Білім беру басқармасының баспасөз қызметі.

Әдеби байқау ZOOM платформасы арқылы ұйымдастырылды. Ұйымдастырушы − елдің Білім және ғылым министрлігіне қарасты "Дарын" Республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы.

Байқаудың негізгі мақсаты − қазақ халқының әдеби мұраларын дәріптеу, мектеп оқушыларның классикалық әдебиеттерді оқуға деген қызығушылықтарын арттыру, сонымен Абай және Шәкәрім шығармаларындағы эстетикалық талғам мен тұлғалық қасиетті насихаттау, ұлылар поэзиясына, ұлттық рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

ХХ Республикалық Абай оқулары төмендегідей 6 номинацияда өтті:

1) "Өлең − сөздің патшасы, сөз сарасы" номинациясы − Абай өлеңдерін жатқа оқу;

2) "Абайдың қара сөздері" номинациясы − Абайдың қара сөздерін жатқа оқу;

3) "Абай ақын шәкірттерінің шығармалары" номинациясы − Ш.Құдайбердіұлы, А.Абайұлы, М.Абайұлы шығармаларын жатқа, мәнерлеп оқу.

4) "Көңілім әнді ұғады" номинациясы − Абай, Шәкәрім әндері мен күйлерін орындау;

5) "Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда" номинациясы − өз шығармаларын мәнерлеп оқу;

6) "Ұлылар әлемі" номинациясы − Абай мен Шәкәрімнің шығармашылығына, рухани болмысына қатысты тақырыпқа эссе жазу;

Абай оқуларына облыстық кезеңнен жүлделі орын алған еліміздің барлық облыстарынан, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларынан, республикалық білім беру ұйымдарынан 120 оқушы қатысты. Шығыс Қазақстан облысынан байқаудың облыстық қашықтық кезеңінің 12 жеңімпазы қатысты. "Абайдың қара сөздері" номинациясы бойынша Жарма ауданының 11-сынып оқушысы Гүлназ Түсүпқанова, Абай ауданының 9-сынып оқушысы Аружан Кәріпбаева, "Өлең сөздің патшасы - сөз сарасы" номинациясына Семей қаласының 11-сынып оқушысы Айдана Серікқали, Абай ауданының 9-сынып оқушысы Аяулым Серғалиева, "Ақын шәкірттерінің шығармалары" номинациясынан Жарма ауданының 8-сынып оқушысы Алтынай Төлеубекова, Абай ауданының 10-сынып оқушысы Гүлбақыт Ақшекина, "Көңілім әнді ұғады" номинациясынан Бесқарағай ауданының 8-сынып оқушысы Фатима Маратова, "Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда" номинациясы бойынша Абай ауданының 9-сынып оқушысы Әмина Әлемқызы, "Ұлылар әлемі" номинациясынан Семей қаласының 11-сынып оқушысы Шырақ Тілеубек қатысқанын атап өткен жөн. 

XXI Республикалық Абай оқуларының  қорытындысы бойынша жеңімпаздарға І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдар мен медальдар, құнды сыйлықтар және Абай жолының 4 томдық кітабы табыс етілді.

Барлық қатысушыларға сертификаттар беріледі.