Коронавирус салдарынан "Оба" романының сатылымы 3 есе артты

ХХ ғасырдың үздік романдарының бірі саналатын "Оба" туындысын сатып алушылар саны күн өткен сайын артып келеді. Альбер Камю шығармасына деген қызығушылық коронавирустың таралуымен тығыз байланысты.

Сатылымның Франциядағы шегі қаңтар айында 1700 экземплярды құраған. Бұған қатысты Edistat компаниясы мынадай график ұсынып отыр:

Ал коронавирустың Еуропадағы ошағына айналып үлгерген Италияда оның сатылымы бірден үш есе артқан екен. Аталған елдегі онлайн-дүкендерде бұл кітап ең жиі сатылатын тауарлар тізімінде 6-шы орынға көтерілген.

Естеріңізге сала кетейік, Альбер Камюдің "Обасы" 1944 жылы жарыққа шыққан. Роман сюжеті Алжирдегі Оран қаласында өрбиді. Кітапта індет адамзат алдынан шығатын барлық зұлымдықтың символы ретінде берілген.