“Зұлымдық гүлдерінің” бағбаны Бодлер туған күн

Ақын және сыншы, эссеист, аудармашы, әлем және француз әдебиетінің классигі Шарль Пьер Бодлер 1821 жылы 9 сәуірде Париж қаласында дүниеге келген.

Ол шығармаларын модернизм, символизм  бағытында жазатын. 1860 жылы «Париждік сплин» атты проза түріндегі өлеңдер жинағы басылып шықты. Ол 16 жыл бойы Эдгар Поның шығармаларын француз тіліне аударған. Бодлердің ақындық, сыншылық, аудармашылық және жазушылық шеберлігінің мінсіз болуымен қоса, ол музыка өнерінің үлкен білгірі еді. Бодлердің өлеңдеріне К. Дебюсси, Э. Шабрие, Г. Форе, Венсан д’Энди, Эрнест Шоссон, Альфредо Казелла, А. фон Цемлинский, А. Берг, К. Штокхаузен, Н. Рорем, Л. Андриссен, А. Соге, Кайхосров Сорабджилер ән жазған.

Бодлерді барша әлемге танытқан, моральдік нормаларға бағынбайтын өлеңдерден құралған «Зұлымдық гүлдері» атты тұңғыш поэтикалық жинағы 1857 жылы жарық көрді.

Осыған дейінгі ақын атаулының ойына сыймаған дүние, яғни, зұлымдықтан сұлулық көруінің өзі Бодлер шығармашылығын елден ерек бір төбе ететіні анық. “Моральдік құндылықтарға бағытбайтын өлеңдер” деген сипаттама алған Бодлер шығармашылығы, шын мәнісінде, діншіл келеді.  Оның өлеңдеріндегі Тәңірсіз, жұмақ пен тозақсыз мекенде әйел мен сұлулық салтанат құрады.