- Негізгі бет
- ӘЧ 2014
- Массагет бәйгесі. Ұпай...
Массагет бәйгесі. Ұпай қорын молайтыңыз!
Бүгін футболдан Әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі соңғы шешуші кездесулер өтеді. Сонымен қатар, Massaget.kz порталы жариялаған болжамдар бәйгесі жалғасады.
Дүбірлі додада бүгін «G» және «Н» топтарының тағдыры шешіледі. Екінші «өлім тобы» саналған «G» тобында тартыс соңғы сәтке дейін жалғасқалы отыр. Португалия Ганамен үш ұпайды сарапқа салса, немістер АҚШ құрамасымен кездеседі.
«Н» тобында Бельгия екі кездесуден кейін плей-офф жолдамасын иеленіп үлгерген-ді. Бүгін екінші жолдаманы Ресей мен Алжир құрамалары сарапқа салады. Алжирліктерге тең ойын да жеткілікті. Ал бельгиялықтарды ірі есеппен ұтып жатса, оңтүстік кореялық футболшыардың да жолдамадан үміті болады. Бұл топтағы кездесулер Астана уақытымен түнгі сағат 02:00-де басталады.
Еске салайық, осыған дейін Әлем Чемпионатына орай Massaget.kz порталы болжамдар бәйгесін жариялаған болатын. Бір айға жоспарланып отырған бәйгенің ережесін осыған дейін жариялағанбыз. Енді өз болжамдарыңызды сайтқа тіркеліп (тіркелмеген болсаңыздар) жазуға мүмкіндіктеріңіз бар. Тағы бір ескеретіні, түсініксіз аттармен, осыған дейінгі есімдеріңізді өзгертіп болжамдарыңызды жариялауға тыйым салынады. Тек бүгінгі ақпаратта берілген төрт ойынға ғана төмендегі "пікір жазу" деген аймаққа болжамдарыңызды жазыңыздар. Өзге әлеуметтік желілер мен өзге ақпарат соңындағы болжамдар қабылданбайтынын ескертеміз. Ал осыған дейінгі жасалған болжамдар бойынша көш бастап тұрған қатысушылармен мына сілтемеде таныса аласыздар. Сіздерге сәттілік тілейміз!
Ескерту: Болжам жасау уақыты Астана уақытымен кешкі сағат 22:00-де тоқтатылады. Сонымен қатар, ескерте кететін бір жәйт, ертеңнен бастап, толық 14 ұпайды иеленбегендер рейтингке енбейді. Базада аты-жөндері сақталып тұрады. Осы қатысып отырған есімдеріңізді өзге қаріпке ауыстырып, өзгертуге болмайды. Ол кезде жаңа қатысушы ретінде тіркеліп кетесіздер. Және басынан ұпай жазылады. Төрт ойынды бір қатарда жазуларыңызды өтінеміз! Қатысыңыздар! Жеңімпаз атаныңыздар!
Дайындаған: Өмірбек Сансызбай
Сурет: isport.com; vseprosport.ru
О. Сансызбай