Массагет порталына тіркелу барысы

Массагет порталына тіркелу барысы

Бұл осында тіркеліп, пікір жазып жүрген оқырмандар үшін қарапайым дүние болуы мүмкін. Дегенмен, осы сайттың журналистеріне “Біз сайтқа тіркеле алмадық” деген секілді пікірлер көп түсіп жатады. Бұл шынында да қарапайым болғанымен, көп оқырманға бейтаныс басқыштар. Төменде осы сайтқа тіркелу барысын қарапайым ғана суретті жолдамалар арқылы түсіндіреміз.

Суреттегідей, сайттың басты бетінің жоғары оң жақ жиегінде "Тіркеу", "Кіру" деген батырмалар тұр. Сіз бұрын тіркелмеген болсаңыз, “Тіркеу” батырмасын басыңыз. Төмендегідей шағын терезе ашылады.

Алдымен осы терезедегі сұрақтардың бәрін толтырыңыз. “E-mail” деген жерге өзіңіздің күнделікті қолданып жүрген почта адресіңізді жазыңыз да, “Тіркелу” дегенді басыңыз.

Көп жағдайда бұрын тіркеліп қойып, кіре алмай жүрген болсаңыз, мына суреттегідей “E-mail” адресінің астыңғы жағына “E-mail уже зарегистрирован. Для входа используйте логин и пароль от on.kz” деген жазу шығып алады. (Мұндай жағдайда бірден сайт журналистерінің почтасына өз почта адресіңізді жазып, кілт сөзді өзгертіп беруді сұрасаңыз, сіз үшін қызмет етуге дайынбыз. Және ешқашан сіздің атыңыздан журналистер пікір жазбайды).

Немесе, сіз досыңыздың почта адресін пайдалана тұруыңызға болады. Онда хабарлама сіздің досыңызға келіп тұратын болады. Мұның бәрін әуре көрсеңіз, өзіңіздің басқа бір почта адресіңізбен тіркеле бересіз. (Ескерту: “Кілт сөз” деген жерге әсте почтаңыздың кілт сөзін жазбайсыз. Осы сайтта қолданатын кілт сөзіңізді жазасыз. Мысалы: 123456).

Суреттегідей барлық сұрақтарды толтырып болған соң, астындағы “Тіркелу” деген батырманы басасыз. Сосын төмендегідей сурет көрінеді.

Мұнда “Тіркеуден сәтті өттіңіз. Нұсқалған e-mail-ға пошта жәшігіңізді растау туралы сілтеме жіберілді” деген ескерту сөзі шығып тұр.

Осыдан кейін сайтқа бірден кіруге асықпаңыз. Көп оқырман осылай жасайды да, тіркелген ат автоматты түрде құлыптанып қалады. Алдымен электронды почтаңыздағы Massaget.kz сайтының сізге жіберген хабарламасын ашасыз.  

Хабарламаны ашқан соң, “Для подтверждения регистрации перейдите по ссылке http://massaget.kz/confirm/abc6a0e332667a3aa88207edc1647a8b деген сілтемені көрдіңіз. Енді сол сілтеме арқылы ғана сайтқа өте аласыз.

Енді жоғарыдағы суреттегідей Массагет сайтына кіру терезесі автоматты түрде ашылады. Мұндағы “E-mail” деген жерге өзіңіз жаңа ғана толтырған почта адресіңізді жазасыз да, “Кілт сөз” деген жерге тіркелу кезінде жазған кілт сөзіңізді толтырасыз (тағы да электронды почтаңыздың кілт сөзін толтырып алып, шатасып жүрмеңіз).

Сіз сайтқа сәтті түрде тіркеліп, кірдіңіз. Суреттегі “Аватарды өзгерту” және “Мәліметтерді өзгерту” деген жерді басып, кіру арқылы, өз суретіңізді және өзіңізге қатысты ақпараттарды толтыра аласыз. Ал жоғары жағындағы “Маssaget.kз” деген суретті басу арқылы басты бетке ауыса аласыз.

Сонымен, құрметті оқырман, сіз сәтті тіркелдіңіз. Сайт сіздің жақсы досыңызға айналса, біз үшін үлкен қуаныш. Әрбір жолдама үшін құнды пікір, өрелі кеңес күтеміз. Рақмет. 

Дайындаған: Алшын Матай

Сурет: massaget.kz

Қ. Қауымбек