ӘЧ-2014. Коста-Рика Нидерландымен кездесетін болды

Әлем Чемпионатында 1/8 финалда Коста-Рика мен Грекия құрамалары арасындағы кездесудің тағдыры ойын соңындағы пенальтиде шешілді...

Ресифидегі «Арена Пернамбуку» стадионындағы өткен кездесудің негізгі уақыты 1:1 есебімен аяқталған болатын. 

Алғашқы таймда коста-рикалықтар ойын тізгінін өз қолдарына алып, жиі шабуыл жасап тұрған-ды. Бірақ, голға жетелемеді.

52-минутта Брайан Руис есепті ашты. "ПСВ"-ның жартылай қорғаушысы дәл соққымен қақпашыға еш мүмкіндік қалдырмап еді. Ал 68-минутта Коста-Рика сапынан Оскар Дуарте екі сары қағазға байланысты алаңнан қуылды. 

Төреші қосқан қосымша уақытта дортмундық "Боруссияның" қорғаушысы Сократис Папастатопулос есепті теңестіріп кетті және ойыншыларды алда отыз минуттық экстра тайм күтіп тұрды.

Ойын соңындағы пенальтиде коста-рикалықтардың қақпашысы Навас грек ойыншысы Гекастың соққысын қайтарып, Уманьяға кездесудің нүктесін қоюға мүмкіндік берген-ді. Футболшы еш саспады - 5:3. 

ӘЧ-2014. 1/8 финал

Коста-Рика - Грекия – 1:1 пен 5:3

Рики Брайан Руис, 52 - Сократис Папастатопулос, 90+1

Коста-Рика: Навас, Гонсалес, Уманья, Борхес, Дуарте, Боланьос, Кэмпбелл, Руис, Диас, Гамбоа, Ельцин Техеда.

Грекия: Карнезис, Манниатис, Манолас, Самарас, Карагунис, Салпингидис, Торосидис, Христодулопулос, Папастатопулос, Холебас, Самарис.

Дайындаған: Әкежан Дәкен

Сурет: eurosport.ru