ӘЧ-2014. Нидерланды – Мексика - 2:1

ӘЧ-2014. Нидерланды – Мексика - 2:1

Әлем Чемпионатында 1/8 финал ойынында Нидерланды мен Мексика құрамалары арасындағы кездесу 2:1 есебімен аяқталды...

Алғашқы таймда есеп ашылмаған болатын. Форталезеде ауа райы қатты ысып, футболшылардың көсіліп ойнауына кедергі келтірген-ді.

Мексикандықтар бірінші минуттардан ойын тізгінін өз қолдарына алып, бірнеше ретте жақсы шабуыл ұйымдастырған-ды. Бірақ, жүзеге асыра алмады.

Екінші жарты бөлікте жұрт ойлаған қызықты футбол спектаклі орын алды. Бұл жолы басты кейіпкердің рөлін бірінші болып Дос Сантос сомдаған болатын. Алайда, етек-жеңін жинаған "қызғалдақтар елінің" ойыншылары ойын соңында есепті теңестіріп кетті.

Төреші қосқан қосымша уақытта мексикалықтар өз айып алаңдарында Роббенге қарсы тәртіп бұзған болатын. Бас қазы ойланып жатпастан 11 метрлік айып соққысын белгіледі. Қосалқы құрамнан шыққан Хунтелар мүлт кетпей, Нидерланды құрамасына кезекті жеңісті алып келді.

ӘЧ-2014, 1/8 финал

Нидерланды – Мексика - 2:1

 Дос Сантос (48) 0-1, Снейдер (83)1-1,  Хунтелар (90+4) 2-1,

Нидерланды: Силесен, Влаар, Де Врей, Блинд, Де Йонг, Ван Перси, Снейдер, Роббен, Верхуг, Кюйт, Вийналдум.

Мексика: Очоа, Родригез, Сальсидо, Маркез, Эррера, Лаюн, Дос Сантос, Морено, Гуардадо, Перальта, Агилар.

Дайындаған: Әкежан Дәкен

Сурет: vk.com


О. Сансызбай