ӘЧ-2014. Бразилия Чилиді пенальтиде жеңді

Әлем Чемпионатында 1/8 финалда Бразилия мен Чили құрамалары арасындағы кездесудің тағдыры ойын соңындағы пенальтиде шешілді.

Бірінші таймда бразилиялықтар белсенді қимылдады, өз кезегінде бірінші гол ерте соғылды. Ойынның 18-минутында "ПСЖ"-ның жейдесін киген Давид Луиз есеп ашқан болатын. 

Көп ұзамай, ойынның 32-минутында "Барселонаның" шабуылшысы Алексис Санчес есепті теңестіріп кетті - 1:1. 

Ойын аяғында 11 метрлік пенальтиден бразилиялықтардың бағы жанды. Бұл күні Чили құрамасының жолдары болмады.

ӘЧ-2014, 1/8 финал

Бразилия – Чили - 1:1 пенальти 3:2

Давид Луиз, 18, Алексис Санчес, 32

Бразилия: Жулио Сезар, Дани Алвес, Силва, Луиз, Фернандиньо, Марсело, Халк, Фред, Неймар, Оскар, Луиз Густаво

Чили: Браво, Мена, Исла, Силва, Санчес, Видаль, Варгас, Медель, Хара, Арангис, Диас.

Дайындаған: Әкежан Дәкен

Сурет: eurosport.ru