Колумбия Жапонияны ойсырата жеңді

Колумбия Жапонияны ойсырата жеңді

Әлем чемпионатындағы «С» тобының да ойындары мәресіне жетті. Үш ойында да қарсыластарына басымдығын танытқан Колумбия құрамасы топтан бірінші орынмен шықты.

Хосе Пекерман командасы плей-офф жолдамасын осыған дейін иеленіп үлгерген-ді. Ал қалған үш құрамада бір жолдаманы иеленуге мүмкіндік болды. Одан үміткер құраманың бірі – Жапония болатын. Альберто Дзаккерони жаттықтыратын жапондар мундиальда жаман өнер көрсеткен жоқ. Барынша тырысты. Соңғы сәттерде ғана сәттілік жолдас бола бермеді. Бүгін де алғашқы таймда колумбиялықтармен терезі тең өнер көрсеткенмен, екінші таймда бір жолдаманы иеленер үмітті уыстан шығарды.

Колумбия құрамасы 1/8 финалда «D» тобында екінші орын алған Уругвай құрамасымен кездеседі. Ал соңғы ойында жолы болған эллиндер Коста-Рикамен кездеседі. 

Жапония – Колумбия – 1:4

Синдзи Окадзаки, 45+1 – Хуан Куадрадо, 17 (пен), Джексон Мартинес, 55, 82, Хамес Родригес, 90

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: vk.com

О. Сансызбай