ФИФА Коста-Риканың топтан шыққанына разы емес

Аргентина құрамасының ертедегі жұлдызы ФИФА-ның Коста-риканың жеті бірдей ойыншысын допинг-бақылауға жібергенін құптамайды...

Диего Марадона ФИФА-ның шешіміне наразылығын білдіруде. Әйгілі футбол аңызы коста-рикалықтардың Италиямен кездесуде жеңісінен кейін  жеті бірдей ойыншысын ФИФА-ның допинг-бақылауға жібергенін құптамайды. 

ФИФА-ның ережесіне сәйкес, тестің бұл түрінен ойын соңында әр құрамадан екі адамнан ғана баруы тиіс екен. 

"Бұл ережеге болмайтын жерде құртмесіздік. Неге онда допинг-бақылауға жеті бірдей италияндықты шақырмаған?

Оқиғаның бұлайша өрбуі көпшілік адамдардың Коста-Рика құрамасының мундиальда сәтті жетістігіне таңырқауынан шыққан болуы керек.

Бұл дегеніміз, әлдекімдер демеушілер уәде еткен қомақты қаржыны жоғалтып алмақ" - дейді Диего Марадона.

Дайындаған: Әкежан Дәкен

Сурет: isport.ua