Әйгілі сәнбике Әлем Кубогін табыстайды

Жизель Бюндхен 13 шілде күні Мараканадағы жабылу кешінде Бразилиядағы Әлем Чемпионатының жеңімпазына Әлем Кубогін табыстайтын болады.

Алғашында әлем жұртшылығы көз тіккен басты трофейді Бразилия президенті Дилме Роуссефф табыстайды деп күтілген. Мундаиль өткізуге ел ақшасын оңды-солды жұмсағаны жайлы түрлі айыптаулар айтылып келген соң, ақыры Роуссеффтің орнын басатын жанды іздестіру қолға алынған екен.

Boston Globe жеңімпазға Әлем Кубогін табыстау құрметіне ие болған бақытты жанның 33 жастағы әйгіл сәнбике Жизель Бюндхен екенін жазады.

Бұл таласта ол Зепп Блаттерді артта қалдырыпты. Бір айта кетерлігі, ФИФА президентінің кандидатурасы Қауымдастық жемқорлыққа қатысты дау-жанжалмен шырмалған уақыттан бастап өз беделін жоя бастап еді.

Дайындаған: Әкежан Дәкен

Сурет: trendy.wmj.ru