Аргентина Ираннан үш ұпай алды

"F" тобының екінші тур ойынында - Аргентина мен Иран құрамалары арасындағы кездесу оңтүстік америкалықтардың пайдасына 1:0 есебімен аяқталды.  

Аргентина құрамасы кеш барысында алаңға көп иелік етіп, допты өз қолдарына алған болатын. Бірінші жарты бөлікте аргентиналықтар төрт-бес қауіпті сәтке ие болған тұғын. Алайда жүзеге асыра алмады. Иран құрамасы сирек шабуылға шықса да, бірінші таймның соңына қарай гол соғатын тамаша мүмкіндікті жіберіп алды.

Үзілістен кейін ирандықтар қарсылас қақпасына екі бірдей қауіпті сәт ұйымдастыру арқылы қауіпті әрі өткір шабуылдай бастады. Аргентина құрамасының ойынына жылдамдық жетпеді, ал Лионель Месси ең үздік матчтарының бірін өткізбесе де, бірақ ойынның бас қаһарманына айналды. 91-минута "Алтын доптың" төрт дүркін иегері жеңіс голын соғып кетті. 

Аргентина қоржынында 6 ұпай бар, ал Ирандықтар 1 ұпаймен қалды. Санаулы сағаттардан кейін осы топтағы Нигерия - Босния және Герцеговина кездесуін ұмыт қалдырмаңыз. 

ӘЧ-2014, F тобы, екінші тур

Лионель Месси, 90+1

Аргентина – Иран - 1:0

Аргентина: 
Ромеро, Сабалета, Гарай, Фернандес, Рохо, Маскерано, Гаго, Ди Мария, Месси, Агуэро, Игуаин. 

Иран: 
Хагиги, Хоссейни, Монтазери, Садежи, Хайсафи, Пулади, Некунам, Шоджаи, Дежага, Теймурян, Гучаннеджад.

Дайындаған: Әкежан Дәкен

Сурет: news.sportbox.ru