Әлем Чемпионатында алғашқы тең есеп тіркелді

Әлем Чемпионатында алғашқы тең есеп тіркелді

"F" тобында Иран мен Нигерия құрамалары кездесіп, Әлем Чемпионатындағы алғашқы тең есепті тіркеді... 

Бірінші жарты бөлік нигериялықтардың алаңға иелік етуімен басталды. 9-минутта Оджени Онази айып алаңына жетпей қақпаға соққы бағыттаған болатын. Алайда, доп сәл қиыс кетті. 34-минутта ирандықтар лайықты жауап қайыра алды. Реза Гушанеджхад бұрыштамадан орындалған допты қақпаға бағыттап еді, қақпашы кері қайтарды. 

Екінші таймда нигериялықтар допқа иелік еткенмен, қарсы қақпадан сол күйі саңылау таба алмады. Ойын аяқталар тұста бірнеше рет тамаша сәттерге иелік еткен болатын. Бірақ ирандық қорғаушылар сауатты қорғана білді. 

Естеріңізге сала отырсақ, бұл топта Аргентина құрамасы Босния және Герцеговина құрамасын 2:1 есебімен жеңген болатын. Енді  Босния және Герцеговина құрамасына да топтан шығуға тамаша мүмкіндік туындады.

ӘЧ-2014, F тобы, бірінші тур

Иран – Нигерия – 0:

Иран: Хагиги, Хейдари, Хаджсафи, Хоссейни, Садеги, Некунам, Теймурян, Монтазери, Гооханнеяд, Джаханбакш, Ансарифард.

Бас бапкер – Карлуш Кейруш

Нигерия: Эньяма, Амброус, Ошанива, Обоабона, Омеруо, Онази, Оби Микел, Рамон Азиз, Виктор Мозес, Ахмед Муса, Эменике. 

Бас бапкер – Стивен Кеши

Дайындаған: Әкежан Дәкен

Сурет: eurosport.ru

О. Сансызбай