Германия 4 – 0 Португалия (видео)

Германия құрамасы Португалияны 4:0 есебімен жеңіп, топтағы жағдайын алғашқы қадамнан жақсарта түсті...

Ойынның 11-минутында мюнхендік "Баварияның" шабуылшысы Томас Мюллер командаласы Марио Гетце алып берген 11 метрлік айып добын сауатты орындаған болатын.

32-минутта дортмундық "Боруссияның" қорғаушысы Матс Хуммельс бұрыштама добынан "неміс машинасының" екінші добын соқты. Бірінші тайм аяқталар тұста Мюллер дубль жасады. 

37-минутта Томас Мюллермен қақтығыс сәтінде португалдықтардың қорғаушысы Пепе алаңнан қуылды.

Екінші жарты бөлікте португалдықтар шабуылдауға тырысқанмен, әр жолы бастамалары сәтсіз аяқталып жатты. Сондай сәттердің бірінде Коэнтрау жарақат алып, алаңды ерте тастап кетуге тура келді. 78-минутта Томас Мюллер есепті ұлғайта түсті. Есеп: 4:0.

Айта кетсек, аталған кездесуді Германияның канцлері Ангела Меркель тамашалады. 

ӘЧ-2014, G тобы, бірінші  тур

Германия – Португалия – 4:0

Томас Мюллер, 11 (пен), 45, 78, Матс Хуммельс, 32

Алаңнан қуылу – Пепе (Португалия), 37

Германия: Нойер, Боатенг, Мертезакер, Хуммельс, Хеведес, Лам, Хедира, Кроос, Озил, Гетце, Мюллер.

Бас бапкер – Йоахим Лев

Португалия: Патрисиу, Алвеш, Пепе, Велозу, Коэнтрау, Роналду, Моутинью, Алмейда, Мейрелеш, Нани, Перейра.

Бас бапкер – Паулу Бенту

Дайындаған: Әкежан Дәкен

Сурет: eurosport.ru