- Негізгі бет
- Бұл қызық
- Танымал француз актері...
Танымал француз актері Абайдың өлеңін оқып, эстафетаны Головкинге жолдады
Ұлы ойшыл, қазақтың Бас ақыны Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай әлеуметтік желіде бастау алған эстафетаны танымал француз актері, "Такси" фильмі арқылы танылған Сами Насери жалғастырды.
Актер эстафетаны Қазақстанның Франциядағы елшілігінің кеңесшісі Мұрагер Сауранбаевтан қабыл алғанын айтты:
- Сәлем, менің есімім Сами Насери. Мен - француз актерімін. Эстафетаны досым Мұрагерден қабыл алып, танымал бокшы Геннадий Головкинге жолдаймын, - деді Сами Насери. Актер Абайдың "Сағаттың шықылдағы емес ермек" өлеңін француз тілінде оқыды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Instagram желісінде Ләйлім Шырақ есімді қыздан эстафетаны қабылдап, өзге жоғарыл лауазымды тұлғаларға жолдаған еді. Эстафетаны "Жетісу" радиосының ұжымынан қабыл алған біздің Massaget.kz редакциясы да ақынның "Білімдіден шыққан сөз" өлеңін Алматы қаласындағы Абай Құнанбаевтың атына берілген орындарда жатқа оқыды.