- Негізгі бет
- Бұл қызық
- Майк Тайсонды жеңген...
Майк Тайсонды жеңген боксшы Головкин-Альварес кездесуіне болжам жасады
Әйгілі Майк Тайсонды жеңген британдық боксшы Леннокс Льюис орта салмақта WBC, WBA (Super) және IBO чемпиондық атағына ие отандасымыз Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) мен мексикалық Сауль Альварес (49-1-2, 34 КО) арасындағы жекпе-жекке болжам жасады.
- Алғашқы жекпе-жек нәтижесі (төрешілер шешімі) қызық болған. Бұл жолы екеуінің бірі "менің төрешім - менің жұдырығым, қателікке жол жоқ" деп шығарына сенемін. Менің болжамым бойынша, ол Головкин болу керек. GGG нокаутқа түсірудің хас шебері. Осы жолы да көреміз деп сенемін. Жанкүйерлер бірінші жекпе-жекте-ақ "Канелоны" нокаутқа түсірге қауқарлы болғанын айтқан. Сондықтан бұл кездесу қызықты болмақ.
Головкин - ғажап боксшы. Ол қарсыласын нокаутқа түсірудің жолын біледі. "Канело" - ақылды боксшы. Жақсы жұдырықтасып, шаршы алаңда озбырлық жасай да алады. Бірінші жекпе-жекте боксшы ретінде сәтті жұдырықтасты. Мен оның бұлай шайқаса алатынын білмеппін. Екінші жекпе-жекте кім болатынын (боксшы, әлде тек шабуылдаушы, болмаса екеуі де) асыға күтемін, - деді Леннокс BT Sport телеарналар желісіне берген сұхбатында.
Леннокс Льюис 2002 жылы Мемфисте Майк Тайсонды 8 раундта нокаутпен жеңіп, WBC, IBF және IBO чемпиондық атақтарын қорғап қалған болатын.
Майк Тайсонды екі рет жеңген жалғыз боксшы - Эвандер Холифилд. Екінші кездесуінде темір Тайсон қарсыласының құлағын тістеп алған еді. Бұл оқиға бокс жанкүйерлерінің есінен әлі шыға қойған жоқ. Ал біздің айтпағымыз Эвандердің алдағы жекпе-жекке болжамы болмақ. 55 жасқа келген боксшы Геннадий Головкиннің жеңіске жетеріне сеніммен қарайды.
О. Сансызбай