Головкин мен Альварестің ең үздік нокауттары

Головкин мен Альварестің ең үздік нокауттары
Фото: sport.zakon.kz

"BT Sport" телеарналар желісі қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварестің ең таңдаулы 5 нокаутын тізіп шықты.

Екі боксшы арасындағы екінші жекпе-жек 15 қыркүйек күні Лас-Вегастағы T-Mobile аренада өтеді. Алғашқы кездесуде бір-бірімен тең түскен болатын. Алдағы жекпе-жекте отандасымыз чемпиондық атағының барлығын қорғайды. Сондай-ақ иесіз тұрған The Ring чемпиондық атағы мен WBC ұйымының арнайы белбеуі де жеңімпазға табысталады.

GGG мен "Канело" арасындағы жекпе-жек өтетін бокс кешін Qazaqstan мен QazSport арналары тікелей эфирде көрсетеді.

Айта кетейік, былтыр "Obsessed" Генаның 25 үздік нокаутпен жеңіске жеткен сәтін топтастырған болатын. 

Ө. Сансызбай