Бүгінгі таңда ел назары әлемдік футболға ауды. Мықты құрамалар мен керемет ойын өрнегін көрсететін спортшылар көпшілік ықыласынан тыс қалған емес. Олардың тек жасыл алаңдағы ғана емес жеке өмірі мен стилі де басты назарда. Әрбір спортшының жанкүйер үшін рөлі ерекше. Талантына тәнті болған фанаттар арасынан сол шаш үлгісін қойып, тіпті киімін де ұқсатып киетіндер табылады. Назарларыңызға ең танымал ойыншылардың шаш үлгісі қалай жасалатынын ұсынбақпыз.
Ең бірінші әлемнің ең керемет ойыншылары қатарына кірген атақты Дэвид Бекхамның шаш үлгісінен бастауды жөн көріп отырмыз. Дэвид тек спортшы емес, саласында да біршама еңбек еткен. Талай қыздың арманына айналған футболшының шаш үлгісін қарапайым адамдарға жасауға мамандардың кеңесі.
Португалияның және испаниялық "Реал Мадрид" клубының сұрмергені Криштиану Роналду десе елдің елең ете қалатыны анық. Дене бітімі сымбатты жігіттің арнайы "CR7" атты брэнді бар екенін білетін боларсыздар. Сән мен футболды қатар алып жүрген Криштиану өзінің шаш үлгісіне ерекше мән береді. Спортшының жасыл алаңда жарқылдап ерекшеленуіне шаш үлгісінің пайдасы бар.
Неміс бундеслигасынан да мұндай ойыншылар көптеп кездеседі. Соның ішінде Дортмундтық "Боруссия" клубының жартылай қорғаушысы Марко Ройстың ойын өрнегі мен шаш үлгісі өзге спортшыларға қарағанда тартымды әрі ерекше. Жас та болса қарапайым ойыншы емес екенін дәлелдеген Ройстың шаш үлгісі қалай жасалатынына зер салыңыз.