Оқи отырыңыз

Тілмен байланған қолмен шешілмес.

Автор: Француз мақалы

— Редактор бағаны —

Бір жылдан кейін орындалған аманат...
Бір жылдан кейін орындалған аманат...

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Жаңалықтар / Футбол жаңалықтары

Футбол жаңалықтары

Футбол жаңалықтары

Футбол әлемінің ең қызықты жаңалықтары: Месси жарақат алды... Бэйл ертең «Реал» жейдесін киеді... Касильяс «Барсаға» ауыса ма?...

Месси жарақат алды

Каталондық «Барселонаның» шабуылшысы, әлемнің үздік футболшысы Лионель Месси жарақат алды. Бұл туралы команданың жеке сайты хабар таратып отыр.

Испания Суперкубогының бірінші кездесуінде алғашқы минуттардан алаңға шыққан Месси екінші таймда командасына көмектесе алмады. Ол алғашқы таймда сол аяғының мазалауын сезінген болатын. Команда басшылығы осыны ескере отырып, аргентиналық шабуылшыны Сеск Фабрегаспен алмастырды.

Осыған дейін Лионель Месси сол аяғының аздаған жарақатына байланысты «Барселонаның» Малайзия футбол жұлдыздарына қарсы кездесуіне шықпаған-ды. Сонымен қатар, Аргентина ұлттық құрамасының Италияға қарсы кездесуіне де қатыса алмаған-ды. Ла-лиганың алғашқы турында да «Левантеге» қарсы кездесуде екінші тайм соңына дейін өнер көрсетпеді. Бұл әйгілі футболшының соңғы кезде алған жарақатының салдарынан болып отыр.

Неймар «Барселонаны» құтқарып қалды

Испания Суперкубогының алғашқы кездесуінде Неймар каталондық «Барселонаны» жеңілістен құтқарып қалды.

Мадридтегі «Висенте Кальдерон» стадионында өткен кездесу 1:1 есебімен тең аяқталды. Ойынның 12-минутында осы жазда трансфер кезеңінде «Атлетико» сапын толықтырған каталондық ұжымның экс-футболшысы Давид Вилья есеп ашты. Ал Херардо Мартино шәкірттері тек екінші таймда ғана есепті теңестіре алды. «Барселона» сапынан бразилиялық шабуылшы Неймар мергендігімен танылды.

Суперкубоктың қарымта кездесуі 28 тамызда Барселонада өтеді.

Гарет Бэйл ертең «Реал» жейдесін киеді

Мадридтік «Реал» мен ағылшындық «Тоттенхэм» клубының басшылығы ақыры бір шешімге келді, деп жазады Cadena Cope басылымы.

Испандық басылымның мәлімдеуінше, бүгін «Тоттенхэм» командасының спорттық директоры Франко Бальдини Мадридте «корольдік клубтың» басшылығымен келіссөздер жүргізген. Нәтижесінде 23 тамыз күні Гарет Бэйл «Реал» сапын толықтырады деп күтілуде. Ал футболшының құны 99 миллион еуроны құраған көрінеді. Бұл трансферлік құн Бэйлды футбол тарихындағы ең қымбат футболшы атандырмақ.

Осыған дейін Гарет Бэйлдың құнына қоса, португалдық қорғаушы Фабио Коэнтрауды да ағылшындық командаға беру туралы да келісімдер болған. Алайда қорғаушы тағдыры мадридтік команда қатарында өнер көрсете беретін болып шешілді.

Тағы бір қызығы, 11-ші нөмірде Бэйлдың аты жазылған «Реал» командасының жейделері сауда көркін қыздырған болатын. Ал шын мәнінде «Реал» басшылығы 11-ші нөмірді валийлік футболшыға сақтап келген көрінеді. Бұл тағы да жаз бойы жалғасқан сергелдең бе? Әлде шындық па? Мұны ертең білетін боламыз. Бір білеріміз, Бэйлдың «Тоттенхэм» сапында алаңға шыққысы келмейтіндігі.

Касильяс «Барсаға» ауыса ма?


Мадридтік «Реалдың» және Испания ұлттық құрамасының қақпашысы Икер Касильясқа каталондық команда тарапынан ауысу туралы ұсыныс түскен. Ал «корольдік клуб» келісе ме?

Каталондық команда Виктор Вальдесті ауыстыратын қақпашы іздестіріп жатқаны анық. Ал Икерге ұсыныс тастауды «Барселона» президенті Сандро Росель мен команданың спорттық директоры Андони Субисаретта жергілікті телебағдарламалардың бірінде мәлімдеген. Әзірге әйгілі қақпашы өткен маусымнан бері мадридтік команданың негізгі құрамына ілікпей келеді.

Шын мәнінде «Реал» мен «Барселона» арасындағы ойыншы алмасу өте сирек жүреді. Ең соңғы рет мұндай алмасу осыдан 13 жыл бұрын болған екен. Каталондық команданың алғашқы легионер капитаны Луиш Фигу «Реал» жейдесін киген. Бұл ауысым қос команда жанкүйерлерінің бірнеше рет дауына да айналған-ды. Сонымен қатар мұндай ауысыммен өнер көрсеткен Бернд Шустер, Микаэл Лаудруп, Луис Милью және Луис Энрике сынды футболшылар да аталады.

14 маусым бойы «Реал» сапында 700-ден астам кездесу өткізген Икер Касильяс бұл ұсынысқа қалай қарар екен?

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

сурет:news.online.ua; barcaman.ru; footballhd.ru; vk.com; sportinfo.kz

19337 2
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ла Лига
Қосылған күні: 22 тамыз 2013, 14:10
Пікірлер
+0
22 тамыз 2013, 21:55

Ауысса Барса кушейед, бирак оны Реал бермейтин болар :(

+0
25 тамыз 2013, 19:18

Вахаха ауыса ма? :lol: :lol: :lol:

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...