- Негізгі бет
- Бұл қызық
- Чемпиондар лигасын жеңіп...
Чемпиондар лигасын жеңіп алған клуб қанша сыйақы алады?
Футболдан Еуропаның басты бәсекесі саналатын Чемпиондар лигасы нағыз қызған шағына таяды. Сәуір айында жартылай финалға шыққан клубтар анықталады. Бүгін Еуропалық футбол қауымдастықтары одағы (УЕФА) ресми сайтында жарысқа қатысушы ұжымдарға қанша сыйақы берілетіні туралы хабарлады.
2014/2015 жылғы маусымдағы Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне өткен барлық клуб 12 миллион евро көлемінде сыйақы алады. Ал топтық кезеңдегі әр жеңісіне – 1,5 миллион евро, тең ойыны үшін 500 000 евро иеленеді. 1/8 финалға шыққан клубтар 5,5 миллион көлемінде сыйақыға кенеледі. Ал ширек финалға шығып жатса тағы да 500 000 евро қосылатын болады. Жартылай финалға жеткен клубтар 7 миллион евроға қаржы қорын молайтады. Ал Чемпиондар лигасын жеңіп алған клуб 15 миллион евро сыйақы алады. Финалда жеңіліс тапқан ұжым да сыйақыдан құр алақан қалмайды. Оларға 10,5 миллион евро табысталады.
Иә, Чемпиондар лигасы жыл сайын ұйымдастырылатын сыйақы қоры мол жарыстардың қатарына жатады. Футбол ұжымдары үшін қаржы қорын молайтатын зор мүмкіндік. Алдағы маусымнан бастап бұл доданың жүлде қоры 25 %-ға жоғарылайды. Сонда қазіргі таратылатын 380 миллион евро сыйақы мөлшері 1,5 миллиард евроға дейін көтерілетін болады. УЕФА бас хатшысы Джанни Инфентиноның айтуынша, бұл сыйақы мөлшері алдағы үш маусымға дейін тұрақтылығын сақтайды.
Айта кетейік, 2014/2015 жылғы маусымдағы Чемпиондар лигасының ширек финалына шыққан клубтар анықталып үлгерді. 14-15 сәуірде бірінші ойындар өтсе, 21-22 сәуірде қарымта кездесулер болады. Финал 6 маусым күні Берлин қаласындағы Олимпиадалық стадионда өтеді.
Cурет: rome-hotel-carlitosway.com
Ұқсас жазбалар
Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының сыйақысы жоғарылайды
О. Сансызбай