- Негізгі бет
- Бұл қызық
- "Астана" УЕФА-ның клубтар...
"Астана" УЕФА-ның клубтар рейтингінде "Интер" мен "Эвертоннан" жоғары тұр
2017/2018 маусымда футболдан Еуропа лигасының 1/16 финалына дейін жеткен "Астана" командасы Еуропалық футбол қауымдастықтары одағының (УЕФА) жаңарған рейтингінде 67-орынға көтерілді.
Қазіргі таңда Еуропаның клубтар рейтингіне 442 клуб бар. Бұл санаттағы тізімге соңғы 5 жылда еурододаға қатысқан футбол ұжымдары ғана енеді. Қазақстандық клубтар арасында "Астана" алда тұр. Өткен жылы 118-орында болса, биыл 51 орын жоғарылаған.
Елордалық ұжым Испанияның "Реал Сосьедад", "Сельта", "Бетис", Англияның "Эвертон" және "Вест Хэм", Италияның "Интер", "Торино", "Удинезе" және "Сампдория", Германияның "Лейпциг" пен "Хоффенхайм" клубтарынан жоғары тұр.
Өзге қазақстандық клубтар "Қайрат", "Ертіс", "Ордабасы", "Ақтөбе" мен "Шахтер" командалары 273 пен 277-ші орындар аралығына қатар орналасқан.
УЕФА-ның клубтар рейтингінде мадридтік "Реал" көш бастап тұр. "Корольдік клуб" биыл Чемпиондар лигасын үшінші жыл қатарынан жеңді. Екінші орында биыл Еуропа лигасында топ жарған мадридтік екінші бір клуб – "Атлетико" келеді. Одан кейінгі орындарға "Бавария", "Барселона", "Ювентус", "Севилья", "ПСЖ", "Манчестер Сити", "Арсенал" мен Дортмундтың "Боруссия" клубтары жайғасқан.
Сондай-ақ Қазақстан премьер-лигасы УЕФА-ның ішкі біріншіліктер рейтингінде 22-орынға көтерілді. ҚПЛ Норвегия, Шотландия, Румыния, Нидерланд, Польша мен Бельгия чемпионаттарынан жоғары тұр.