Массагет порталы "Әлемде талай қызық бар" айдары арқылы әлемнің әр бұрышында, әр түкпірінде жасырынған талай қызықтармен бұдан бұрын да бөліскен болатын. Бүгін тағы да әлемнің ғажап қызықтарын әңгімелейміз.
***
♦ Америка Құрама Штаттарында 1913 жылға дейін ата-аналар балаларын әжесінің үйіне пошта арқылы жібере алған;
♦ Гиннестің рекордтар кітабына енген ең қысқа соғыс 1896 жылы 27 тамызда Ұлыбритания мен Занзибар сұлтандығы арасында болды. Бұл соғыс 38 минутқа созылды;
♦ Адам орташа өмірінің екі аптасын бағдаршамның жасыл түсі жанғанша күтіп өткізеді;
♦ Гипопотам сүті қызғылт түсті;
♦ Суық мезгілде адам тырнағы екі есе тез өседі;
♦ Алма пюресі – ғарышкерлер ғарышта тұтынған алғашқы тағам;
♦ Алып пандалар күніне шамамен 12,7 келі бамбук тұтынады. Демек олардың әрбірі жылына 5 тоннадан астам бамбук жейді;
♦ Жержаңғақ – динамит жасау үшін қажетті ингредиенттердің бірі;
♦ Мысық тәтті нәрсенің дәмін тата алмайды;
♦ Кенгуру артқа қарай жүре алмайды;
♦ Теңіз мысықтары ырғақты сезіне алады. Олар – шапалақ ұратын жалғыз жануарлар;
♦ Ұйықтағанда иіс сезе алмайсыз, тіпті жағымсыз иісті де;
♦ Үйректерден қорқу – "анатидатефобия" деп аталады;
♦ Ешкінің көз қарашығы тік бұрышты;
♦ Құстар ғарышта өмір сүре алмайды. Себебі оларға тамақ жеуі үшін тартылыс күші қажет.