Әлемде талай қызық бар: сіз білмейтін деректер #8

Массагет порталы "Әлемде талай қызық бар" айдары арқылы әлемнің әр бұрышында, әр түкпірінде жасырынған талай қызықты бұдан бұрын да бөліскен болатын. Бүгін тағы да әлемнің ғажап қызықтарын әңгімелейміз. 

Әлемде талай қызық бар: сіз білмейтін деректер #7

♦ Жапондар 1918 жылдан бері медициналық бетперде киіп келеді. Маскалар әлеуметтік тосқауыл, суық тиюдің алдын алу құралы ретінде және бейтаныс адаммен қарым-қатынас кезінде ыңғайсыздық сезімін азайту үшін жай ғана стильдің үйлесімі ретінде қолданылады. Мысалы, тұмаумен бетпердесіз жүру этикет ережелерін өрескел бұзу болып табылады. Бірақ олардың медициналық маска тағу режиміне өмірдің өзі үйреткен. Бұл 1918 жылы испан тұмауы кезінен басталды. Араға 5 жыл салып 1923 жылы бұл елде Канто деп аталатын ұлы жер сілкінісі орын алды. Аспанға көтерілген шаңнан демалу мүмкін емес еді. Жапондар тағы масканың қызметіне жүгінді.  1934 жылы Жапонияда тағыда тұмау белең алды. Ал өткен ғасырдың 50-жылдарынан бастап ауа ластана бастады. Міне, осылай жапондарда медициналық маска тағу әдетке айналды;

Әлемде талай қызық бар: сіз білмейтін деректер #6

♦ Германияда түрмеден қашу заңсыз емес. Германияда, егер адам түрмеден сәтті қашып, кейін ұсталса, ол қылмыстық жауапкершілікке тартылмай немесе айыппұл салынбай, қалған мерзіміне дейін жазасын өтейді;


♦ Исландияда нанды жер астында пісіру дәстүрі бар. Гейзерлер (ыстық бұлақтар) мен жанартаулар жеріндегі байырғы халық бұл жанартауларды күнделікті өмірде пайдалануды меңгерген. "Вулкан нанын" жасаудың ежелгі әдісі бүгінге дейін қолданылады. Гейзердің қасына 24 сағат бойы бір қазан қамыр көміліп, үстіне тас қойылады. Топырақ температурасы 100 ° C-қа жетеді, бұл қамырдың пісуіне мүмкіндік береді;

♦ Италиядағы Рим империясы кезінде салынған кейбір жолдар әлі күнге дейін жөндеуді немесе техникалық қызмет көрсетуді қажет етпестен тұрақты түрде адамдарға қызмет етіп келеді;

♦ Леонардо да Винчидің Мона Лизасы Франция императоры Наполеон Бонапарттың жатын бөлмесінде бірнеше жыл ілулі тұрған. Кейін ол суретті Луврға қайтарды. Мона Лиза қазір 3 миллиард долларға сақтандырылған, бұл оның әлемдегі ең қымбат картина екенін дәлелдейді;

Әлемде талай қызық бар: адам сенгісіз деректер #5

♦ Швейцарияда мерекелерге немесе туған күндерге сыйлық ретінде инвестициялық қордың акцияларын немесе жинақ шоттарын ашу орынды және әдетке айналған. Мұндай сыйлықтар ересектерге де, балаларға да жасалады;

♦ Варшава тұрғындары сирек құбылысты – дөңес бұлтты немесе mammatus-тарды байқауы мүмкін. Олар өте сирек қалыптасады және, әдетте, жазда найзағай кезінде пайда болады. Оларды фотоға немесе бейнеге түсіру - үлкен жетістік.

♦Әрбір 23 000 жыл сайын Сахара шөлі қалың орманға айналып, қайта жанданады. Ғалымдардың айтуынша, осыдан 6 мың жыл бұрын Сахарада жайылымдар, шөптер мен ағаштар болған, ал климаттың өзгеруі аймақты құрғақ шөлге айналдырған. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, мұндай жылжу  әрбір 23 мың жыл сайын қайталанып отырады.