Массагет порталы "Әлемде талай қызық бар" айдары арқылы әлемнің әр бұрышында, әр түкпірінде жасырынған талай қызықтармен бұдан бұрын да бөліскен болатын. Бүгін тағы да әлемнің ғажап қызықтарын әңгімелейміз.
***
♦ Гепардтар үй мысықтары сияқты мияулайды;
♦ Ұзындығы 6400 шақырым Амазонка өзенінің үстінен бірде-бір көпір салынбаған;
♦ LEGO әлемдегі кез келген дөңгелек өндіретін компаниялардан да көп дөңгелек шығарады;
♦ Эфиопияда қолданылатын күнтізбе жалпы қабылданған күнтізбелерден 7 жыл артта қалады. Сондықтан бұл елдің халқы әлі де 2014 жылда өмір сүріп жатыр;
♦ Әр ананастың өсіп, пісуіне шамамен 2 жыл қажет;
♦ Адидас пен Пуманың негізін қалаушылар ағайынды Адольф пен Рудольф Дасслер болды. Екі компанияның Германиядағы штаб-пәтері көршілес ғимараттарда қатар орналасқан;
♦ Жердегі барлық құмырсқалардың жалпы салмағы планетадағы барлық адамдардың салмағынан ауыр;
♦ Франция – азық-түлік өнімдерімен өз-өзін қамтамасыз ете алатын Еуропадағы жалғыз ғана ел;
♦ Алғашқы киттердің "арғы аталары" құрлықта өмір сүрген орта мөлшердегі сүтқоректілер болған;
♦ Вильнюсте (Литва) өзін тәуелсіз республика деп жариялаған Ужупис шағын ауданы бар. Осы бір республиканың өз туы, өз теңгесі, президенті, министрлер кабинеті, тіпті, 11 адамнан тұратын әскері бар;
♦ Алясканың туын 13 жасар бала ойлап тапқан;
♦ Бір қыл шаш 3 келі салмақты көтеріп тұра алады;
♦ Жер бетінде 70 пайыздан астам тірі тіршілікті бактериялар құрайды;
♦ Піл – 4 тізесі бар жалғыз жануар;
♦ Нобель сыйлығының иегері Нильс Бор мен оның ағасы белгілі математик Харальд Бор футболшы болған. Тіпті Харальд Бор Данияның құрама командасында ойнап, 1905 жылғы Олимпиадада екінші орын алған;
♦ Моцарт 3 жасынан бастап музыка жаза бастаған.