Ақшаның шығу тегі, тарихы және қызық деректер

Ақшаны елемейтін адамды кездестіру өте қиын. Ақша адамзаттың 3 мыңжылдан бері ажырамас бөлігі саналады. Оған дейін адамдар ақша орнына тауар айырбасын қолданды. Өзара алмасу кезінде тауарлар тауарларға немесе қызметтер қызметтерге ауыстырылатын.

Ақшаның шығу тарихын білесіз бе?

Сөздің этимологиясы (шығу тегі)

"Монета" ( лат. money) ұғымы бізге Ежелгі Римнен келді. Латын тілінен аударғанда "ескертуші" немесе "кеңесші" деп аударылатын. Плутос құдайы байлық, ақша билігіне ие болды. Дәл осы құдайдың ғибадатханасының жанында монеталар жасау шеберханалары болды. Бұл шеберханалардың өнімдері монеталар – ақша деп аталды, ағылшын тіліндегі "money" сөзінен, ақшаның жалпы атауы шыққан.

Наным-сенімдер

Адамзат ғасырлар бойы өзінің жағдайын ақшамен байланыстырды. Адамның ақшасы неғұрлым көп болса, ол болашағындағы жарқын өмірге сенеді. Халық арасында ақша туралы көптеген мифтер бар. Мысалы, көктемде құстардың алғашқы әнін қалтасында тиындары бар саудагерлер естиді екен. Құстар ән айтып жатқан кезде қалтада тиын болмаса, жыл бақытсыздықпен және шығынмен өтеді деп есептелді.

Ақша жайлы қызықты наным-сенімдер

Жаңа ай туғанда басыңызды иіп сәлем беріп, сосын ақша немесе алтын, күміс көрсетіп: “Жаңа ай қалай өciп келе жатса, маған сондай ақша келсін” - деп айтылған.

Әртүрлі пішінді монеталар

Ақшаның функциясын бастапқыда бағалы өнімдер атқарды: алқа, жануарлардың жүн терісі, қымбат қабық, бағалы металдардан жасалған бұйымдар, қой мен түйе. Қазірдің өзінде кейбір елдер кейде ақша айналысының ерекше формаларын енгізеді.

Жақында Сомали банкі дөңгелек, тікбұрышты, цилиндр тәрізді пирамидалар түріндегі көлемді монеталарды шығарды. Бенинде каннабистің жапырағы түріндегі ақша айналымға енгізілді. Руандада маймыл бейнеленген монеталар шығарылды.

Ақша мен бала

Ең үлкен монеталар

Канада Банкі Maple Leaf деп аталатын 100 килолық алтын монетаны соқты. Бұл монеталардың тек бесеуі шығарылған. 31 килограмдық Bill Elephant монетасы Австрияда шығарылды, оның 15 данасы өндірілген.

Он килограмм алтын монета Қытайда XXIX Олимпиада ойындарына шығарылды. 1727 жылы Ресейде салмағы 1638 грамм болатын ең ірі монета шығарылды.

Қағаз ақша
Қағаз ақшалар алғаш рет шамамен 1000 жыл бұрын, қағаздың туған жері Қытайда ойлап табылып, екі ғасырдан кейін әлемге тарала бастады.

Олар мыс сым мен монеталарға қарағанда қолдануға ыңғайлы болды. Қағаз ақшалар кейін Жапонияда пайда болды. Қағаз ақшалар Еуропаға 1574 жылы келді, испандар қоршауынан кейін Лейден қаласы қарапайым монеталардың жетіспеушілігінен қағаз ақшаны айналымға енгізді. Кейінірек қағаз ақшалар Еуропаға, содан кейін бүкіл әлемге таралды.

Заттарды атайтын ақша

Ақша атаулары жаңа сөздерге өз атауын берді. Мысалы, Венецияда ақпараттық бюллетеньдер шығарылды, оның бағасы бір тиын – монетаның атауы "газета" болды. Кейінірек газетаға сатып алынған ақпараттық бюллетеньді "газет" деп атай бастады.

Нумизматика

Сирек кездесетін қағаз ақшалар мен монеталарды жинау – "Нумизматика" деп аталды. Ол XIX ғасырда танымал болды, тіпті оған дейін жеке тұлғалар осындай қызметпен айналысты. Қазіргі уақытта бұл хоббидің ең танымал түрлерінің бірі және кейде бизнестің бір түрі есептеледі. Ерекше көне монеталар аукциондарда жоғары бағамен сатылады. 

Жалған ақша

Жалған ақшаны жасағандар әрқашан және барлық жерде ең қатаң жазаға тартылды, бірақ бұл жағдай қылмыскерлерді ешқашан тоқтата алмады. Грекияның Эгина аралынан археологтар тапқан ең көне жалған монеталар біздің дәуірімізге дейінгі VI ғасырға жатады: олар күміс монеталардың орнына күміс жалатылған мыс монеталар жасаған.

Монетаның шеттерін қырып, көлемін кішірейту де жалған ақша шығарумен теңестіріледі, мұндай қылмыспен күрес нәтижесінде тиындардың шеттерінде жолақтар (тістер) пайда болды.