Мессидің кезекті рекорды

Аргентиналық сұрмерген, каталониялық "Барселонаның" шабуылшысы Лионель Месси биылғы маусымда испан біріншілігіндегі барлық клуб қақпасынан саңылау тауып, қатарынан 19 матчта алаңнан кем дегенде бір голдың авторы атанып кетті.  

Соңғы матчта, яғни 29-тур ойындары барысында ол "Сельта" қақпасына екінші гол енгізіп, бірақ нәтижесінде клуб 2:2 есебімен тең есепке қол жеткізді еді. 

Жалпы аргентиналық футболшының нәтижелі сериясы 11-тур ойындары кезінде, қазан айында "Мальоркаға" қарсы матчта басталды. Ал одан сәл уақыт бұрын "Сельтамен" ойнаған "Барселона" жеңіске жетті. Бірақ ол ойында Лео көзге түсе алмаған еді. Енді міне, бірінші матчта сала алмаған голын ол қарымта болған ойында салып, жаңа рекорд орнатып отыр.    

Сонымен, Лионель Месси қатарынан өткен 19 матчта 29 гол салды. Ал оның биылғы маусымдағы жалпы көрсеткіші - 43 доп. Екінші орында 27 доппен Криштиану Роналду келе жатыр.  

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: sport-xl.net