Месси хет-трик саны бойынша Чемпиондар лигасында рекорд орнатты

Месси хет-трик саны бойынша Чемпиондар лигасында рекорд орнатты
Фото: vk.com

"Барселона" футбол клубының сұрмергені Лионель Месси Чемпиондар лигасындағы хет-трик саны бойынша Роналдуды басып озып, рекорд орнатты, - деп жазады Fox Soccer.

Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі алғашқы ойында каталондық клуб "Камп Ноуда" Нидерландының ПСВ командасын 4:0 есебімен ойсырата ұтты. Лионель Месси хет-трик (үш гол соқты) жасаса, бір голды Усман Дембеле өз еншісіне жазды.

Аргентиналық футболшы Чемпиондар лигасында сегізінші рет хет-трик жасады. Нәтижесінде 7 рет бір ойында 3 голдан соққан Роналдуды басып озды.

Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде Месси 64 ойында 63 гол соғып, алға шықты. Роналдуда 60 гол бар. Ал жалпы іріктеу кезеңін қос алғанда португалдық сұрмерген көш бастап келеді. Ол 120 гол соққан. Мессидің Чемпиондар лигасындағы голдар саны – 103.

"В" тобындағы екінші ойында "Интер" өз алаңында "Тоттенхэмді" 2:1 есебімен ұтып, 3 ұпайға ие болды.

Чемпиондар лигасының бірінші күніндегі ойындар нәтижесі:

"A" тобы

"Брюгге" (Бельгия) - "Боруссия" (Дортмунд, Германия) – 0:1
Гол соққан: Кристиан Пулишич, 85

"Монако"» (Франция) - "Атлетико" (Испания) – 1:
Гол соққандар: Самуэль Грандсир, 18 – Диего Коста, 31, Хосе Мария Хименес, 45+1

"C" тобы

"Црвена Звезда" (Сербия) - "Наполи" (Италия) – 0:0

"Ливерпуль" (Англия) - ПСЖ (Франция) – 3:2 
Гол соққандар: Даниэль Старридж, 30, Джеймс Милнер, 36 (пен), Роберто Фирмино, 90+2 – Томас Менье, 40, Килиан Мбаппе, 83

"D" тобы

"Галатасарай" (Түркия) - "Локомотив" (Ресей) – 3:0
Гол соққандар: Гарри Родригеш, 9, Эрен Дердийок, 67, Сельчук Инан, 90+4 (пен)
Қызыл қағаз – Баду Ндиайе, 87 («Галатасарай»)

"Шальке" (Германия) - "Порту" (Португалия) – 1:1
Гол соққандар: Брель Эмболо, 64 – Отавио, 75 (пен)
Пенальти соға алмады – Алекс Теллес, 13 («Порту»)

О. Сансызбай