#АЛҒАҚАЗАҚСТАН. Қазнетте ұлттық құраманы қолдау флешмобы басталды

#АЛҒАҚАЗАҚСТАН. Қазнетте ұлттық құраманы қолдау флешмобы басталды
Фото: tengrinews.kz

Қазнетте футболдан Қазақстан ұлттық құрамасын қолдау флешмобы басталды. Қазақ футболшылары бүгін Ұлттар лигасы турнирі аясында Грузия құрамасымен кездеседі. Астанада өтетін ойын сағат 20:00-де (Астана уақытымен) басталады.

Қазақстан құрамасын қолдау флешмобына қатысушылар әлеуметтік желідегі парақшаларына #МЫВМЕСТЕ #АЛҒАҚАЗАҚСТАН #БІЗБІРГЕМІЗ хэштегтерімен фото мен видеоларын жүктеуде. Бұл қолдау шарасына Massaget.kz, Tengrinews.kz және Vesti.kz сайттарының редакциялары қосылды.

Ұлттық құраманы қолдау шарасына бірге қатысайық! Сурет пен видеоларыңызды #АЛҒАҚАЗАҚСТАН #БІЗБІРГЕМІЗ #МЫВМЕСТЕ xэштегтерімен жариялап, жүктесеңіздер болғаны.

Флешмобқа Жұлдыз FMрадиосы да қатысты. Ұлттық құрамаға Ұлттар лигасында жеңіс тіледі.

"Бүгін біздің команда Ұлттар лигасында алғашқы ойынға қатысады. #АЛҒАҚАЗАҚСТАН" - деп жазды "Қазақстан" телерадиокорпорациясының төрағасы Ерлан Қарин.

Қолдау флешмобын QazSport телеарнасының директоры Павел Цыбулин де қолдады.

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Достар! Алдымызда ең маңызды да қызықты спорттық оқиғалар күтіп тұр! УЕФА аясында алғаш рет ең үздік еуропалық командалардың қатысуымен Ұлттар Лигасының турнирі өтеді. Ал, турнирдегі алғашқы ойын Қазақстан Ұлттық құрамасының қатысумен болады. Сондай-ақ, бір аптадан соң біздің жерлесіміз, ел мақтанышы - Геннадий Головкин Лас-Вегаста өзінің кәсіпқой бокстағы ең жарқын, ең маңызды жекпе-жегін өткізеді. Спортшыларымызға қолдау білдіріп, бірге жанкүйер болайық! #Бізбіргеміз #АлғаҚазақстан #мывместе

Публикация от QAZSPORT TV (@qazsporttv)5 Сен 2018 в 10:09 PDT


Magnum Cash & Carry сауда желісі Instagram желісінде бауырсақ жеп тұрған үш жанкүйердің суретін салып, өз қолдауларын білдірді.

О. Сансызбай