Месси 2018 жылғы әлем чемпионатының фавориттерін атады

Аргентина ұлттық құрамасы мен Барселона футбол клубының көшбасшысы Лионель Месси 2018 жылы Ресейде өтетін әлем чемпионатының фавориттерін атады. Бұл туралы TyC Sports телеарнасы хабарлады. 

- Мен топтық кезеңде Испания құрамасымен ойнағанды қаламаймын. Олар – өте мықты қарсылас. Ал фавориттерге келер болсақ, Испаниядан өзге Бразилия, Германия және Франция құрамаларын айтуға болады, - дейді футболшы.

Қазіргі таңда Месси Мәскеуде Ресей құрамасы (11 қараша) және Нигерияға (14 қараша) қарсы жолдастық кездесуге дайындалуда.