Головкин тікелей эфирде шашын қысқартты

Қазақстандық кәсіпқой боксшы, орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF чемпиондық атағына ие отандасымыз Геннадий Головкин әлеуметтік желідегі тікелей эфирде шашын қысқартып, оқырмандарының сұрақтарына жауап берді, - деп жазады Vesti.kz.

Генаның шашын қысқартатын шаштараз "Big Bear" лагеріне арнайы келген. Ал боксшының өзі көтеріңкі көңіл-күйде болып, оқырмандарымен тілдесті.

Айта кетейік, бүгінде GGG Сауль Альварспен өткізетін жекпе-жекке дайындығын шыңдауда. Бокс кеші 16 қыркүйек күні Лас-Вегастағы (АҚШ, Невада) T-Mobile Arena кешенінде өтеді.