Гризманның таңғаларлық жарнама ролигі (видео)

Франциялық "ПСЖ" футбол клубының ойыншысы Антуан Гризманн жаңа жарнамалық видеороликке түсті. Аталған туындыда ойыншы суперменнің, яғни ғашықтарға қолдау көрсетіп жүрген жанның образын сомдайды. Әрбір ойында гол соққан кезде қолын ары-бері қимылдатып қуанатын Гризманның ерекше бейнесі көптің көңілінен оңай кете қоймайтыны рас. Сонымен футболшылар арасында сәнқой серілердің алдыңғы қатарынан табылатын жігіттің жаңа да қызықты бейнеролигін тамашалаңыздар.