«GOLDEN FOOT» жүлдесі кімге бұйырады?

Халықаралық «Golden Foot» жүлдесіне басты үміткер төрт аяқдопшының есімдері белгілі болды. Дауыс берудің қорытындысы жариялануға екі апта қалғанда «Челси» командасының экс-шабуылшысы, бүгінде "Шанхай Шеньхуаның" намысын қорғап жүрген Дидье Дрогба, италиялық «Ювентус» клубының ойыншысы Андреа Пирло, маусымаралық трансферде "Аль-Садд" командасын толықтырған Рауль және «ПСЖ» ұжымының басты жұлдызы Златан Ибаргимович көш бастап келеді.

Сонымен қатар бұл жүлдеден үміткерлер қатарында - Джанлуиджи Буффон ("Ювентус"), Икер Касильяс, Кака (екеуі де - "Реал"), Карлес Пуйоль, Хави (екеуі де - "Барселона") және Кларенс Зеедорфта ("Ботафого") бар.

Айта кетейік, «Golden Foot» жүлдесі жасы 29-дан асқан егде ойыншыларға беріледі. 2011 жылы бұл номинацияны "Манчестер Юнайтед" және Уэльс командасының жартылайқорғаушысы Райан Гиггз алған болатын.

Дайындаған: Уалихан ҚОСАНБАЙ

Сурет:vesti.kz