Жас баланың жеңіске деген жігері жұртты таңдандырды (видео)

12 жасар оралдық Айбатыр Мырзабаевтың арқан тартудағы жеңіске деген жігері жұртты таңдандырды. Петропавлда өткен «Я чемпион» бағдарламасында жас бала бар күш-жігерін сала командасын алға сүйреген.

Оралдық Айбатыр Мырзабаевтың жеңіске деген жігері жарысқа жиналған жанкүйерлерді ғана емес, интернет қолданушыларын да таңдандырып отыр. Ол арқан тартуда бар күшін сала, бірде құлай кетіп, бірде жата-жастана командасы жеңілмеу үшін барын салады. Нәтижесінде қос команда 5 минутқа жуық өзара текетіресін жалғастырған. Жас Айбатырдың жігерінің арқасында оралдықтар тең нәтижеге қол жеткізген. Ал бағдарлама тарихында алғаш рет тең есеп тіркеліпті.

Жас баланың «CR7» брендіндегі аяқ киімі де көпшіліктің назарынан тыс қалған жоқ. Олай болса Айбатырдың арқан тартудағы ерлігі ерекше көңіл-күйін төмендегі видеодан тамашалай отырыңыздар.