Қанат Исламның жекпе-жектен кейінгі жараланған жұдырығы (фото)

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Исламның Патрик Аллотеймен өткізген жекпе-жегінен кейінгі жараланған жұдырығының суреті жарияланды. Бұл туралы vesti.kz сайты жазды.

Алматыда 29 қазанда өткен кездесу 12 раундқа созылып, оның қорытындысында төрешілер жеңісті бір ауыздан қазақстандыққа берген еді.

Бұған дейін Қанат Исламның екінші және үшінші раундтарда екі қолын да жарақаттап алғаны белгілі болған. Кейін оның командасының өкілі спортшының жағдайы жақсы екенін мәлімдеді. Бұл туралы боксшының өзі де айтты. Жекпе-жек аяқталғанда боксшы кездесудің көп бөлігін жарақат алған күйі өткізгенін, сондықтан қарсыласын нокаутқа түсіре алмағанын мәлімдеген еді.