«Реал» әлемдегі ең қымбат клуб «атағынан» айырылды

Әлемдегі ең қымбат 10 спорттық клубтың рейтингі жарияланды. Әйгілі «Forbes» журналының сараптамасы бойынша көш басына америкалық «Даллас Ковбойс» клубы шықты.

Үш жыл қатарынан әлемдегі ең қымбат клуб атанып келген Мадридтің «Реал» футбол клубы екінші орынға сырғыды. Көш басына шыққан америкалық футбол клубының жалпы құны 4 миллиард долларға бағаланып отыр. «Корольдік клубтың» құны 3,65 милиардты құраса, үштікті каталондық «Барселона» қорытындылаған. «Блаугрананың» жалпы құны 3,55 миллиард долларға бағаланған.

Әлемдегі ең қымбат 10 спорттық клуб:

1. «Даллас Ковбойс» - 4 миллиард доллар
2. «Реал» – 3,65,
3. «Барселона» – 3,55,
4. «Нью-Йорк Янкиз» (АҚШ, бейсбол) – 3,4,
5. «Манчестер Юнайтед» (Англия, футбол) – 3,32,
6. «Нью-Ингленд Пэтриотс» (АҚШ, америкалық футбол) – 3,2
7. «Нью-Йорк Никс» (АҚШ, баскетбол) – 3,
8. «Вашингтон Редскинс» (АҚШ, америкалық футбол) – 2,85,
9. «Нью-Йорк Джайентс» (АҚШ, америкалық футбол) – 2,8,
10. «Лос-Анджелес Лейкерс» (АҚШ, баскетбол) – 2,7.