Геннадий Головкин АҚШ-та қазақ баласының тұсауын кесті (видео)

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин 7 мамыр күні Лас-Вегаста жанкүйерлеріне арнап кездесу ұйымдастырып, қолтаңба таратқан еді. Сол шара барысында боксшы жас бүлдіршіннің тұсауын да кесті. 

Қазақстандық жұп ырымдап ұлдарының тұсауын танымал боксшыға кестірген. Бұл туралы отандық сайттар хабарлауда. Негізінен, тұсаукесер – сәби қаз тұрғаннан кейін тез жүріп кетсін деген тілекпен жасалатын ғұрып, ырым. Көбіне баланың тұсауын ел ішінде сыйлы, беделді, ақын-жазушы, спортшы, ел ағаларына кестіреді. Гена да қазақстандық жұптың меселін қайтармай, жас бүлдіршіннің тұсауын кесуге қуана-қуана келіскен.