«Альварес қашанғы қашасың, Головкинмен жұдырықтас»

Ұлыбританиялық боксшы Амир Ханның жаттықтырушысы Вирджил Хантер шәкірті жеңіліс тапқан жекпе-жектен кейін Сауль Альвареске Геннадий Головкинмен жұдырықтасудан жалтармауын тілге тиек етті.

- «Канело» қашанғы қашасың. Біз секілді сәуекел жаса да, Головкинмен жұдырықтас, - деді Вирджил Хантер.

Айта кетейік, бұған дейін осы жекпе-жектің жеңімпазы Головкинмен кездесетіні хабарланған болатын. Енді қос тарап жақын күндері өзара келісімді бастаулары тиіс. Екі боксшы да жекпе-жекке дайын екендіктерін айтып үлгерді. Десе де Сауль Альварес бұл шаршы алаңдағы шайқастың Мексикада өткенін қалап отыр.