Қазақстандық боксшы қыз америкалықтарды таңғалдырды

Қазақстандық боксшы қыз Эвника Сәдуақасова америкалықтарды жылдам соққыларымен таңғалдырды.

Эвника NBC арнасындағы телешоуда ерекше өнер көрсетті. Оған 30 секундта барынша көп соққы жасау талабы қойылған болатын. Нәтижесінде ол жарты минутта 206 соққы жасап, көрермен қошеметіне ие болды. Айта кетейік, ол шоудың басында ең көп дегенде 130 соққы жасайтынын айтқан болатын.

Эвника Сәдуақасованың осыдан екі жыл бұрын жүктеген видеосы шамамен үш миллион рет көрілген еді. "Қазақстандық ең жылдам қыз" деген атаумен жарияланған видеоны әйгілі спортшы Ронда Роузи де Instagram желісіндегі парақшада бөлісті.

Дереккөз: tengrinews.kz