Иранның футболдан әйелдер құрамасының сегіз ойыншысы ер адам болып шықты

Иранның футболдан әйелдер құрамасының сегіз ойыншысы ер адам болып шықты
Фото: tn.kz

Иранның футболдан әйелдер ұлттық құрамасының сегіз ойыншысы ер адам болып шықты, олар жынысын ауыстырайын деп жүр екен, - деп хабарлады Daily Mail ирандық ақпарат құралдарына сілтеме жасап. Бұл туралы Tengrinews.kz жазды.

Ер адамдар әйелдер құрамасы атынан Иран чемпионатына қатысып үлгерген. Бұл шындық спортшылар гендерлік тестен өтпей қалғаннан кейін әшкере болды. Осы дауға байланысты Иранның футбол саласындағы шенеуніктері елдегі барлық ұлттық команда ойыншылары мен Иран чемпионатының үздік футболшыларының жынысын тексеруді міндеттеді.

Мұндай жағдай Иран футболында алғаш рет болып тұрған жоқ. 2010 және 2014 жылдары әйелдер құрамасының бірнеше ойыншысы гендерлік тестен өте алмай, ойыннан уақытша шеттетілген. 

М. Бисембаева