«Челси» өз алаңындағы ойындарын «Уэмблиде» өткізуі мүмкін

Лондонның «Челси» футбол клубы 2017-2020 жылдар аралығындағы маусымда өтетін өз алаңындағы ойындарын Англиядағы әйгілі стадиондардың бірі «Уэмблиде» өткізуі мүмкін. Бұл туралы «Daily Mail» басылымы хабарлап отыр.

Лондондық клуб жергілікті алаңы «Стэмфорд Бриджге» күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізбек. Ол үшін «ақсүйектер» «Уэмблиде» өткізетін әр маусымы үшін 11 миллион фунт стерлинг төлеуге дайын. Бірақ стадион басшылығы Роман Абрамович ұсынып отырған қаржы мен келісімге бас шұлғып, келіскен жоқ. Осыған дейін «Уэмблиді» жалға алу үшін екінші бір лондондық клуб «Тоттенхэм» емеурін танытқан болатын. Олар стадионды бір маусым жалға алғаны үшін 8 миллион фунт стелинг төлейтіндіктерін хабарлаған еді.

Айта кетейік, «Стэмфорд Бридж» стадионының негізі 1877 жылы қаланған. Англиядағы көне стадиондардың қатарында. 41 000 жанкүйер ойын тамашалай алатын алаң жаңа жөндеу жұмыстарынан кейін 60 000 орындық болып кеңейтілмек. Ал жөндеу жұмыстарының қашан басталатыны әзірге белгісіз.