Көзілдірік тағып футбол ойнаған ойыншылар күлкіге қалды (видео)

Көзілдірік тағып футбол ойнаған ойыншылар күлкіге қалды (видео)
Фото: ru.wallpapers-fenix.eu

Норвегияның «Алтын доп» ойын-сауық бағдарламасы ойыншыларға арнайы камерамен жабдықталған көзілдірік кигізіп, футбол ойнатты. Олардың көзілдірігінде өздерінің бейнекамера көмегімен жоғарыдан түсірілген көрінісі көрсетіліп тұрған. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл ойын арқылы компьютердегі «Sensible World of Soccer» ойынының шын нұсқасын көрсетпек болған. Ал ойында футболшылар жоғарыдан түсірілген көрініс арқылы өздерін ажырата алмай әбігерге түскені байқалады.

Айта кетейік, осыдан бірнеше жыл бұрын дүрбімен футбол ойнаған бір топ ойыншылардың өнері ғаламторда көп көрілім жинаған болатын.

О. Сансызбай