«Портуды» жанкүйерлері қалай күтіп алды? (видео)

Чемпиондар лигасының ширек финалында мюнхендік «Бавариядан» ойсырай ұтылған «Портуды» жанкүйерлері зор қошеметпен күтіп алды. Ірі жеңілістеріне еңселерін түсірмей, түсіністікпен қарады.

Өз алаңында 3:1 есебімен жеңіске жетіп, сырт алаңда 6:1 есебімен ұтылған «Портуды» талай футбол жанкүйерлері іштей аяғаны рас. Мюнхендегі кездесуден кейін еліне оралған клубты мыңдаған жанкүйерлері әуежайдан күтіп алып, қолдауларын білдірді. Клубтың әнұранын шырқап, футболшылардың көңіл-күйін көтеруге тырысты. Өз кезегінде «Порту» ойыншылары да жанкүйерлеріне разы екендіктерін білдіріп, әлеуметтік желілер арқылы рақметін жеткізді.

Айта кетейік, португалдық клуб 2008/2009 жылғы маусымнан бері Чемпиондар лигасының ширек финалына шықпаған болатын.

 Cурет: bnation.com