Бұрыштамадан гол соққан футболшы Роналду стилінде қуанышын тойлады (видео)

Бұрыштамадан гол соққан футболшы Роналду стилінде қуанышын тойлады (видео)

Футболдан Тайландтың «Бурирам Юнайтед» клубының қорғаушысы Тиратон Бунматан бұрыштамадан гол соғып, әйгілі Криштиану Роналду стилінде қуанышын тойлады. Клубтар арасындағы Азия чемпионатында тайландтық клуб Жапонияның «Гамба Осака» клубымен кездескен болатын. Ойында қонақтар 1:2 есебімен жеңіске жетті.

Айта кетейік, мадридтік «Реалда» ойнайтын португалдық ойыншының гол соққаннан кейінгі қуанышын тойлау стилі өзгеше. Роналду көбіне қолымен алаңды нұсқап, «мен осында қаламын» деген секілді ишара білдіреді.

Cурет: AFP

О. Сансызбай