«Челси» қақпасына 60 метрден гол соғылды (видео)

Футболдан Англия чемпионатының XXXI тур ойындарында лондондық «Челси» қақпашысы Тибо Куртуа 60 метр қашықтықтан қақпасына доп өткізіп алды.

Жозе Моуринью жаттықтыратын «Челси» өз алаңында «Сток Ситиді» 2:1 есебімен жеңіп, чемпиондық атаққа жақындай түсті. Ал қарсыластардың сапынан белсенген Чарли Адам ХХХІ турдағы ең үздік голдардың бірін еншісіне жазды. Ол 44-минутта «ақсүйектер» қақпашысының алға шығып кеткенін байқап, тура соққы бағыттады. Нәтижесінде Тибо Куртуа допты қайтаруға дайын болмай шықты.

Сурет: sportingnews.com