«Челси» қақпасына 60 метрден гол соғылды (видео)
![«Челси» қақпасына 60 метрден гол соғылды (видео)](/userdata/news/news_27263/image_l.jpg)
Футболдан Англия чемпионатының XXXI тур ойындарында лондондық «Челси» қақпашысы Тибо Куртуа 60 метр қашықтықтан қақпасына доп өткізіп алды.
Жозе Моуринью жаттықтыратын «Челси» өз алаңында «Сток Ситиді» 2:1 есебімен жеңіп, чемпиондық атаққа жақындай түсті. Ал қарсыластардың сапынан белсенген Чарли Адам ХХХІ турдағы ең үздік голдардың бірін еншісіне жазды. Ол 44-минутта «ақсүйектер» қақпашысының алға шығып кеткенін байқап, тура соққы бағыттады. Нәтижесінде Тибо Куртуа допты қайтаруға дайын болмай шықты.
Сурет: sportingnews.com
О. Сансызбай