Мессидің екі портреті аукционда 923 мың евроға сатылды

Лондондағы Sotheby’s аукцион үйінде Лионель Мессидің екі портреті сатылды. Аргентиналық футболшыны бейнелеген суретшілердің туындысы жоғары бағаланған.

Жапон суретшісі Такаси Муракама салған сурет 429 мың евроға сатылса, британдық Дэмьен Херсттің салған портреті 494 мың евроны құраған. Екі портрет де аукционның бірінші белгілеген бағасында сатылып кеткен.

Портреттерден түскен қаржы алдағы уақытта Бангладеш, Индонезия және Непал елдерінің оқу бағдарламасын дамытуға жұмсалмақ.  

Сурет: sport.news.am

Оқи отырыңыз

2014 жылғы спорттағы ең үздік фотосурет анықталды

Месси «instagram» желісінде 10 миллион жазылушы жинады

Ажалы Мессиді көруге жеткізбеді

«Adidas» компаниясы Мессидің «Барселонадан» кеткенін қолдайды