Месси отбасымен шанамен сырғанаудың қызығына батты (видео)

Футболдан Испания чемпионатының ХХІ тур ойындарынан кейін Лионель Месси аз уақытқа демалыс алып, отбасымен Андорраға жол тартқан. Осыған дейін футболшының команда жаттығуларына келмей жүргені айтылған еді. 

Әлем таныған футболшы отбасымен Андоррадағы тау-шаңғы демалыс аймағына демалуға барған. Шанамен сырғанап, ұлы Тьягоны серуендетіпті. Бұл туралы жары Антонелла Рокуццоның «instagram» әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында жариялаған бейнебаянынан байқауға болады. Бейнебаянға "мен оларды жеңдім" деп жазуды да ұмытпапты. Ал Лионель Месси болса өз парақшасында "екі сүйіктіммен күнім керемет өтті" деп хабарлама қалдырған.

 

Видео опубликовано AntoRoccuzzo88 (@antoroccuzzo88)Фев 3 2015 в 12:26 PST

Айта кетейік, Лионель Месси осыған дейін отбасымен Венецияға барғанда, испандық басылымдар тойын өткізетін жер іздеп жүр деп хабарлаған еді. Футболшы осы уақытқа дейін шаңырақ көтергенімен, той салтанатын өткізбеген.  

Сурет: instagram.com

Оқи отырыңыз

Ажалы Мессиді көруге жеткізбеді

Месси үйлену тойын өткізетін жер іздеп жүр

Рамос "Реал Мадрид" командасымен қош айтыспақ

Испан басылымдары Роналдуға «қалыңдық» іздей бастады