Ривалдо командасын сатуға шешім қабылдады

Ривалдо командасын сатуға шешім қабылдады

Бразилиялық танымал футболшылардың бірі Ривалдо өзінің жеке иелігіндегі «Можи Мирим» командасын сатқалы отыр. Бұл туралы футболшының өзі әлеуметтік желілердегі жеке парақшаларында хабарлады.

42 жастағы бразилиялық футболшы командасын сатуды жөн деп шешкен. Элиталық кезеңге «Можи Миримнің» шығуы үшін Ривалдоның әлі біраз тер төгуі қажет. Алайда бұған оның төзімі жетпеген секілді. Команданың тізгінін 2008 жылдан бері ұстап келеді.

«Можи Мирим» командасы - Ривалдоның спорттық мансабындағы алғашқы өнер көрсеткен командаларының бірі. 1999 жылғы «Алтын доп» иегері 1992-1993 жылдар аралығында қазір өзі басқарып, әрі ойнап жүрген командада өнер көрсеткен. 

Cурет: photoshare.ru

О. Сансызбай